- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлылардың ұрпағы ҚР ҚК-нің музейіне тарихи жәдігерлердің түпнұсқаларын берді (ФОТО)
Ұлылардың ұрпағы ҚР ҚК-нің музейіне тарихи жәдігерлердің түпнұсқаларын берді (ФОТО)
«Мен атам Иван Васильевич Панфиловқа қатысты кейбір жәдігерлерді әкелдім. Бұл кітап 1936 жылғы басылып шыққан оның жеке кітапханасынан. Бірақ, менің ойымша ең бағалысы ол менің атамның қаза болған жүргізушісіне комиссар Логвиненконың берген партбилеттің бір жапырақ қағазы. Жүргізуші соғыста оны тұмар ретінде тағып жүріп, өзінің партбилетін осы бір жапырақ қағазда сақтап, кейіннен біздің отбасымызға берді. Сонымен қатар 28 панфиловшылардың екеуіне Кеңес Одағының батыры атағын беру туралы екі грамотаның түпнұсқаларын, Бауыржан Момышұлының қолтаңбасы бар фотосуретті бердік. Одан басқа, Шымкентте құрылған 301-ші, 310-шы және 312-1-ші дивизиялардан әскери бөлімдердің, сондай-ақ 768-жойғыш-авиациялық полкінің туларының түпнұсқалары бірегей болып табылады. Бұл 41-ші жылғы соғыстағы тулар», - деп әңгімелеп берді Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова.
Бүгінгі күні музейдің коллекциялық қоры ежелгі заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қазақстан халқының әскери тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерін әспеттейтін сирек және бірегей экспонаттардан тұрады. Армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің де отбасы музейдің тарихи қорына өз үлесін қосты. «Музейдің ашылатынын біле салысымен біз атамыздың формасын қуана-қуана бердік. Бұл парадтық киім нысаны, ол киіммен атамыз елімізде өтетін анағұрлым маңызды іс-шараларға қатысатын. Ол киімде Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы жұлдыздарының телнұсқалары мен қалған ордендер мен медальдарға арналған планка. 80-інші жылдары тігілген парадтық фуражка, депутат куәліктерінің түпнұсқалары, погондар, етіктер. Сондай-ақ біз құжаттарды, сирек фотосуреттердің түпнұсқаларын, оның кітаптарын, сыйлыққа берілетін қылышты, қылыштың жүздерін бердік.
Нұрмағамбетовтердің отбасы сияқты біз үшін мұнда өзіміздің витринамызды ұсыну үлкен абырой. Музей өте қажет, себебі, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруды жүзеге асыруға, жас буынға тәлім-тәрбие беруге, мәдени-адамгершілік деңгейді арттыруға көмектеседі», - деді батырдың немересі Сауық Нұрмағамбетов. КСРО-ның Халық әртісі атағын иемденген қазақстандықтар арасындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан дара әйел Роза Бағланованың жеке заттары да дәл осы музейдің жәдігеріне айналды. Әртістердің бригадасы құрамында ол алдыңғы шепте Қызыл әскердің жауынгерлері алдында өнер көрсетіп жүрді.
Оның майдандық концерттері сәтті өтті. 1945 жылдың 9 мамырында Роза Бағланова Берлиндегі Жеңіс концертіне қатысты. «Кез келген музей өзінің жәдігерімен құнды. Балалардың, немерелердің, ұрпақтың құжаттарды, заттарды беруі өте дұрыс шешім. Себебі, музейдің негізгі жұмысы осы экспонаттарды сақтау мен дәріптеу, оларды консервациялау және қайта жасау, сондай-ақ осы материалды зерделеу. Музейде адамдар көптеп шоғырланады және сол музей арқылы осы адамдардың қызметімен танысып, оны зерделеу құба-құп болады. Біз бұл туралы барлығы, барша Қазақстан, әрбір оқушы, өзін әскери іске сарп еткен әрбір адам білгенін қалаймыз», - деді музей директоры Асқар Қасымов. Ғимараттың құрылымдық және сәулеттік бейнесіне қосымша ерекшелік беріп тұратын экспозициялық залдар бірегей болып табылатынын айта кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар