«Бәйтерек» холдингі өз тиімділігін жұмысымен дәлелдейді– Бишімбаев

2 Желтоқсан, 2015 16:04
«Бәйтерек» холдингі өз тиімділігін ісінде көрсетеді, деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев ҚР Президенті Жолдауының қорытындысы бойынша Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Біз өз ісімізбен тиімді жұмыс жасайтындығымызды көрсетуіміз қажет. «Бәйтерек» холдингінде 100 адам ғана қызмет етеді. Сондықтан да біз барлық құрылымды қайта қараймыз. Қор іздейміз. Өткен жылы Елбасы әкімшілік персоналды 10 пайызға қысқартуды тапсырды, біз оны жүзеге асырып, шығынды қысқарттық. Одан әрі жұмыс істейміз. Елбасы айтқан дүниелерді баппен қалпына келтіріп жатырмыз. Уақыт күрделі болған соң оңтайлану қажет. Елбасы әр адам өзінің тиімділігі мен қажеттілігін жұмыста көрсету қажеттігін орынды айтты». – деді Қ.Бишімбаев.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар