• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана әкімдігі білім беру нысандарының құрылыс құнының алуандығын түсіндірді

Астана әкімдігі білім беру нысандарының құрылыс құнының алуандығын түсіндірді

6 Қараша, 2013 17:10
Астанада 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша баспасөз-туры барысында журналистер екі мектептің құрылысына барды. Нысандар Орынбор және Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысындағы көршілес орамда орналасқан, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев бірдей жобамен салынып жатқан білім беру мекемелерінің құрылыс құнының әр алуандығына күмән келтірген еді.

«Әрқайсысы 11,765 шаршы метр болатын үш қабатты әр нысан бірдей жобамен салынған. Бірінші мектеп құрылысының жалпы сметалық құны 1,935 млрд. теңгені құраса, екінші мектеп бюджеттен 1,992 млрд. теңге алған. Құрылысты жүргізген «Алтаир СК7» ЖШС мен «Малика и К» ЖШС болып табылады. Осы бірдей екі мектептің құнына қатысты жүргізілген сараптама бойынша айырмашылық 57 млн теңгені құрап отыр. Мұның себебі инеженелік инфрақұрылымның салыну құрылысының  жұмысы мен инженерлік инфрақұрылым шығынынан туындап отыр. Мәселен, «Алтаир СК7» салып жатқан мектептің аумағы трансформаторлық подстанциямен қамтамасыз етілген электр өндірісі 10/0,4кВ шығарып, құны 35 млн теңгені құрады. Ал екінші мектеп бөлгіш кешенді пунктілі болғандықтан 10 кВ шығарып 69,5 млн теңгеге соққан», - делінген хабарламада.

Баспасөз-туры қатысушылары елорданың «ескі» орамдары мен денсаулық сақтау нысандарын аралады.

«11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Қазақстан Президентінің айтқан сындары әкімдік тарапынан орындалып, кемшіліктер қалпына келтірілуде», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар