• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу Президент Жолдауындағы өзекті мәселе – сарапшы

Тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу Президент Жолдауындағы өзекті мәселе – сарапшы

2 Желтоқсан, 2015 12:26
ҚР Президентінің Жолдауындағы өзекті мәселе – тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу, бұл әлемдік дағдарыс кезеңіндегі өте маңызды қадам, деді ОКҚ-дағы брифингте «Саясаткерлер конгрессі» басқарма төрағасының орынбасары Оразғали Селтеев.

«Әлемдік экономика даму өсімінің  баяулауына қарамастан, мемлекет өзінің әлеуметтік міндетін атқаруда. Бұл Жолдаудың ең маңызды тұсы, себебі ол әрбір қазақстандықтың қызығушылығын тудырып отыр. Онда нақты пайыздық көрсеткішпен білім беру, денсаулық сақтау, білім беру  саласы қызметкерлерінің  жалақы өсімі көрсетілген. Жолдаудың тағы бір маңызды  бөлігі – кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу. Бұл дағдарыс кезіндегі прогрессивті қадам», - деді О.Селтеев.

Айта кетейік, Елбасы өз Жолдауында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау  - 28 пайыз, білім беру – 29 пайыз, әлеуметтік даму – 40 пайызға көрсетіледі. 2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін кәсіптік- техникалық» жоба іске қосылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар