• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Нидерланды Корольдiгiнiң Премьер-Министрлері экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн талқылады

Қазақстан мен Нидерланды Корольдiгiнiң Премьер-Министрлері экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн талқылады

2 Желтоқсан, 2015 12:01
ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов Үкiмет үйiнде Нидерланды Корольдiгiнiң премьер-министрiмен өткен ресми кездесу барысында екi ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн талқылады.

"Нидерланды Корольдiгiнiң премьер-министрiн Қазақстанда қарсы алуға қуаныштымыз. Бүгiн ҚР Президентiмен және Парламенттiң қос палатасының өкiлдерiмен кездесу өтедi. Бiз кездесу барысында негiзiнен экономикалық мәселелердi, түрлi салалардағы экономикалық өзара байланыс мәселелерiн талқыладық. Бұл мұнай-газ, инновация және ауыл шаруашылық салалары. Нидерланды көлемi жағынан Қазақстаннан 65 есе кiшкентай болғанымен, ауыл шаруашылық өнiмдерiн экспорттайтын екiншi еуропалық мемлекет болып табылады", - деген К.Мәсiмов бұл осы саланы Қазақсианда дамытуға септiгiн тигiзетiнiн айтты. 

"Сонымен қатар, Еуропалық Одақ бойынша өзара қарым-қатынас және ЕО мен Қазақстан арасында алдағы уақытта қол қойылатын жетiлдiрiлген серiктестiк туралы келiсiм мәселелерiн талқыладық", - дедi ҚР Үкiмет басшысы. 

Барлық жаңалықтар