Алматыда Echelon Central Asia 2015 стартап-коференциясы өтеді

2 Желтоқсан, 2015 16:21
2-3 желтоқсанда Алматы қаласында Echelon Central Asia 2015 стартап-коференциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» қолдауымен өтеді.

Echelon бұл Оңтүстік-Шығыс Азиядағы  ірі конференциялар сериясы.Бес жыл  і ш н нде  і с-шара өңірдегі ең үлкен және беделді оқиғалардың бірі болып технологиялық бизнес пен инвесторларды біріктіре алды. Әр жылы шамамен 2 000 интернет-бизнестер негізін қалаушылар, венчурлық инвесторлар, журналистер мен өңірлік көшбасшылар инновациялық бизнес идеялар мен дәстүрлермен танысу үшін бір жерге жинақталады. Биылғы жылы  Echelon  алғаш рет Орталық Азияда өткізіледі.

Іс-шара мақсаты – стартаптар саласында Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азияны біріктіру, азия рыногы үшін әлеуетке ие қазақстандық жоғары технологиялық жобаларға инвестициялар келешегін бағалау болып табылады. Осы мақсатта Алматыға венчурлық қорлар мен акселераторлар өкілдері келеді:  Golden Gate Ventures, Ardent Capital, KK Fund, MaGIC Малайзия инвестициялар агенттігі, Merah Putih Incubator, 500 Startups және басқалары.

Түйінді спикерлердің бірі Джеффри Пейн, венчурлық инвестор, Golden Gate Ventures қорын құрушылардың бірі болып табылады, ол Қазақстанға осымен екінші сапары боады. “Мен сіздерде биылғы жылдың сәуір айында болып кеттім, Echelon KZ Qualifier кезінде жергілікті жобаларды қарастырдық. Қазақстанда өте күшті программистер мен инженерлер – бұл ТМД барлық стартаптарының жалпы қасиеті, бірақ оларға басқа рыноктарға қатысты білімдері жетіспейді, мысалы олар Индонезия немесе Малайзия рыноктарын біле бермейді”, - дейді Пейн.

Конференцияны ұйымдастырушы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» болып табылады. Қордың жаһандық стратегиясы портфельдік компаниялардың қосылған құнын құруға және бүтін ел экономикасы алдында тұрған стратегиялық міндеттерге көмектесіге мүмкіндік беретін жаңа жобаларды іздестіру мен енгізу түрінде Қор компанияларының тобының өзінің мүдделеріне жауап беретін, өз негізінде стартап-платформа құру болып табылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бүгінгі күні Қазақстанда Қордың портфельдік компанияларына пайда әкеле алатын және Азия елдерінің рыноктарында бірнеше миллиондаған копманияларға тарала алатын жоғары технологиялық стартаптарды дамыту үшін ресурстардың барынша оңтайлы қиылысына ие болып отыр. Бастама серіктестері, e27сингапурлық компаниясы жане қазақстандық А1 және Idea-Lab.kz компаниялары болып табылады.

Барлық жаңалықтар