• Басты
  • Нидерланды Корольдiгi ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысатынын мәлiмдедi
2 Желтоқсан, 2015 11:47

Нидерланды Корольдiгi ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысатынын мәлiмдедi

Нидерланды Корольдiгi "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесiне қатысады. Бұл жөнiнде Үкiметте ҚР Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовпен кездесу барысында Нидерланды Корольдiгiнiң Премьер-министрi Марк Рютте мәлiмдедi.
Нидерланды Корольдiгi ЭКСПО-2017 көрмесiне қатысатынын мәлiмдедi

"Мен Қазақстанға осымен екiншi рет келiп отырмын. Сiздердiң сұлу, әйткенмен климаты суық елдерiңiзде болу мен үшiн қуанышты жағдай. Нидерландыдағы қыс та дәл сiздердiң елдерiңiздегiдей болу керек-ау. Бiз өзара мүдделi мәселелер бойынша нәтижелi пiкр алмасу жүргiздiк. Негiзiнен, саяси және экономикалық бағыттағы ынтымақтастық мәселелерi. Бiздiң серiктестiк пен ынтымақтастық жөнiндегi кеңейтiлген келiсiмiмiз екi ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстар үшiн жаңа үлгiдегi негiз болады деп санаймын. Қазақстан Еуропалық Одақпен мұндай келiсiмге қол қойған Орталық Азия өңiрiндегi бiрiншi мемлекет болып табылады. Қазақстан ашық және әртараптандырылған экономика құру үшiн тұрақты жұмыс жргiзiп келедi. Бiздiң елдерiмiз ауыл шаруашылық және энегетика секiлдi бағыттар бойынша сәттi жұмыс жасап келедi", - дедi ол. 

Марк Рютте онымен бiрге делегация құрамында голландық iрi компания өкiлдерi келгенiн және Қазақстан мен Нидерланды Корольдiгi бизнесiнiң басын қосатын ауқымды шара жоспарланып отырғанын айтты. 
"Бiз сондай-ақ қазiр Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформаларға қатысты мәселелердi де талқыладық. Мен қазiр елде iске асырылып жатқан және заң үстемдiгi, адам құқықтары, мемлекеттiк органдардың есептiлiгiне баса назар аударатын модернизациялау бағдарламасын да қолдаймын. Бұл тұрақты экономикалық өсiмге қол жеткiзедi деген пiкiрiммен келiседi деп ойлаймын. Екi ел арасында көптеген кездесулер өткен болатын. Нидерланды "ЭКСПО-2017" көрмесiне қатысады және бұл шара өте табысты болатынына сенiмдiмiн", - деген ол қонақжайлылық үшiн алғыс айтып, алдағы уақытта екi ел арасындағы зара байланыс одан әрi нығаятынына сенiм бiлдiрдi.
Екi елдiң Үкiмет басшылары кездесуi аясында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есiмов және Нидерланды Корольдiгiнiң Қазақстандағы елшiсi Ханс Дриссер Нидерланды Корольдiгiнiң "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесiне қатысуы туралы келiсiмшартқа қол қойды. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар
54.236.35.159, 192.168.88.100