- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Жәмішев: Қаржы институттары өздерінің жұмыстарын бүгінгі жағдайға байлансты қайта құруы керек
Б.Жәмішев: Қаржы институттары өздерінің жұмыстарын бүгінгі жағдайға байлансты қайта құруы керек
«Монополиялық қызметті реттеу, банкроттық – бұл мәселелердің барлығы өте маңызды. Президент оған үлкен көңіл бөлді. Егер қаржы нарығын дамыту туралы айтатын болсақ, мұнда міндеттер нақты көрсетілген. Бұл қаржы секторын Ұлттық қордан қолдау көрсету кезеңі, ол келер жылы көрсетілмейтін болады және қаржы институттары жаңа экономикалық жағдайда өздерінің жұмыстарын қайта құру керек. Бұл мақсатта қаржы секторындағы нақтылық керек, ал бұл міндетті Ұлттық банк жүзеге асырады», - деді Б.Жәмішев.
Осы ретте ҚДБ басқарма төрағасы атап өткендей, зейнетақы қорында жоспарланып отырған өзгертулер негізделген.
«Бірыңғай қорды құру және оны Ұлттық банктың басқаруы мүдделер қарама-қайшылығын тудыруда және зейнетақы қоры нарықтық жағдайда жұмыс істемейді. Сондықтанда зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияларға беру аталмыш институтты нарықтық жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл мүдделер қарама-қайшылығын жою үшін ғана емес, тәуекелдерді алдын-алуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Б.Жәмішев.
Б.Жәмішев толықтырып кеткендей, әлеуметтік саладағы барлық міндеттер де өте маңызды, себебі әлеуметтік саясат жұмыспен қамту арқылы шешілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 қарашада жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Анар Тәңірқұлова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай