- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада сарапшылар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту мәселелерін талқылады
Астанада сарапшылар мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту мәселелерін талқылады
Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты – тәжірибе алмасу, жаңа бағыттарды сараптау, мүгедектердің құқығын қорғау мәселесі бойынша заңнаманы жетілдірумен қатар ортақ ұсынымдарды қарастыру.
Сөз басында Светлана Жақыпова Қазақстанның мүгедектер құқығы туралы Конвенцияны ратификациялауы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға ықпалдасатынын атап айтты. Осы мақсатта ҚР Үкіметі мүгедектердің құқығы мен өмір сапасын жақсарту бойынша 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарын қабылдап, оны кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Аталған жоспардың негізгі бағыттарының бірі – арнайы және оңалтуға бағытталған әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру.
Конференция барысында ҚР ДСӘДМ өкілдері ҚР-дағы мүгедек азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін ұсынды.
Шара аясында сарапшылардың, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен протездеу мен естуді протездеудің стандарттарын жетілдіру және оларды өндірудің жаңа технологияларын енгізу; мүгедектерді оңалту ісін техникалық құралдармен және тиісті қызметтермен қамтамасыз ету, сонымен қатар, қолжетімді ортаны қалыптастыру тақырыптарында секциялық отырыстар өтті.
Конференцияға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инфрақұрылым обьектілерін бейімдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, сонымен қатар, инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету, олардың өмір сапасын арттыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылы Қазақстан мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялап, мүгедектігі бар тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қабылдады.
Конвенцияны ратификациялау республикада тұратын 627 мың мүгедектерге, олардың отбасыларына аталған санаттағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру бойынша қосымша кепілдік береді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары