• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сұлтанов: ҚР Президентінің Жолдауы қарапайым қазақстандықтарды қорғауға бағытталған

Б.Сұлтанов: ҚР Президентінің Жолдауы қарапайым қазақстандықтарды қорғауға бағытталған

2 Желтоқсан, 2015 12:19
Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы қарапайым қазақстандықтарды қорғауға арналған, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Жолдау жаһандық пен тапсырмалар тереңдігімен ерекшеленеді. Елбасы атаған алғашқы бес бағыт бұл маңызды әрі міндетті тапсырмалар. Елбасының Жолдауы қарапайым қазақстандықтарды қорғауға бағытталған.  Техникалық-кәсіптік білім беруде жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Жастарға жұмыс мамандығын алған өте маңызды, ол үшін мемлекет барлық мүмкіндікті ұсынуда», - деді Б.Сұлтанов.

Министр атап өткендей, Қазақстан халқына Жолдауда барлық міндеттер қойылды, ведомстволардың міндеті тиімді жүзеге асыру.

«Жолдау жаңа әлеуметтік бастамаларға келер жылы 400 млрд теңге бағытталады. Ол үшін мүмкіндіктер бар. Барлық бюджеттік бағдарламаларды оңтайландыру мақсаты да қойылды. Біз соңғы бір жарым жылда трлн теңгені оңтайландырдық», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, 30 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар