- Басты
- Жаңалықтар
- Түркияда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтті (ФОТО)
Түркияда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтті (ФОТО)
Түркияда Қазақ Ұлттық Өнер университетінің гастрольдік сапары басталды. 160 талантты студенттен құралған шығармашылық топты ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева бастады.
Еуразиялық симфониялық оркестр, «Сырлы саз» фольклор ансамблі, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, «Балауса» би тобы, «Айгөлек» скрипкашылар ансамблінің ұжымдары мен басқа да талантты орындаушылар жаңа концерт бағдарламасын дайындады.
1 желтоқсан күні атағы әлемге аян скрипкашы Айман Мұсақожаева өзінің талантты тәлімгерлерімен бірге Тұңғыш Президент күніне арнаған концертін Анкарада өткізді.
Концерт алдында қонақтардың назарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы бейнефильм ұсынылды.
Мерекелік концерт бағдарламасы бойынша «Біржан Сара» операсының «Мереке би» биі, атақты «Сарырқа» күйі, «Көзімнің қарасы», «Ақ сиса» сынды қазақ әндері мен «Қазақ вальсі» (Л.Хамиди) сынды халқымыздың інжу-маржандары паш етілді.
Концерт ойдағыдай өтіп, талантты өнерпаздарымыз Анкара жұртшылығының ризашылығына бөленді.
«Тәуелсіз елдің ашық аспаны астында өмір сүріп жатқан біз бақытты ұрпақпыз! Қазақ өнерін барынша сапалы кәсіби деңгейде көрсетуге тырыстық. Өнерімізді сахнадан көрсетіп, өмірде алып жүруге жағдай жасаған Президентімізге айтар алғысымыз шексіз»,- деді Айман Мұсақожаева.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі