- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да алғашқы катодты мыс өндірілді (ФОТО)
ШҚО-да алғашқы катодты мыс өндірілді (ФОТО)
Бұл пайдалану мерзімі 50 жылды құрайтын, әлемнің игерілмеген ең ірі кен орындарының бірі. Алғашқы ақтоғайлық мыс барынша қысқа мерзімде өндірілді: Ақтоғай жобасын 2012 жылғы желтоқсан айының басында Топтың директорлар кеңесі мақұлдады, ал құрылыс жұмыстары 2013 жылдың алғашқы айларында басталып кетті.
Алғашқы тотыққан кен сілтісіздендіру алаңына 2015 жылдың маусым айында келіп түскен, содан кейін төгінділерді суландыру, сұйықтықпен экстракциялау және электролиз сатыларынан өтті. Тотыққан кенді қайта өңдеу кешені жарты жыл ішінде өзінің өндірістік қуаты, яғни жылына 15 мың тонна катодты мыс көрсеткішіне жетеді деп күтіліп отыр. Ақтоғай КБК тотыққан кенді өндіру мен қайта өңдеу 11 жыл бойы жүргізілетін болады.
Сульфидті кенді қайта өңдеу кен байыту фабрикасының құрылыс жұмыстары кесте сәйкес жүріп жатыр, фабриканы іске қосу және сульфидті кеннен мыс концентратын өндірудің басталуы 2017 жылға жоспарланған. Алғашқы 10 жылда орташа жылдық өндіріс көлемі - сульфидті кен учаскесінен өндірілетін 90 мың тонна катодты эквивалентегі мысты және тотыққан кен учаскесінен өндірілетін 15 мың тонна катодты мысты құрайды.
KAZ Minerals Тобының Бозшакөл мен Ақтоғай ашық типті кеніштері халықаралық мыс өндіруші жобалардың арасындағы операциялық шығындардың көлемі бойынша бірінші және екінші квартильде кіретін болады. Бұл компанияны өзіндік құны төмен өндірушіге трансформациялайды.
KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай мәлімдеді: «Біз өз жобаларымыздан алғашқы мыстың алынғаны туралы және Ақтоғай кен орнында тотыққан кеннен катодты мыс өндірісінің басталғаны жайлы хабарлауға қуаныштымыз. Біздің тағы бір жобамыз, Бозшакөл, 2016 жылдың бірінші тоқсанында мыс концентратын өндіруге дайын болады. Ақтоғайда сульфидті кенді қайта өңдеу кен байыту фабрикасы 2017 жылы іске қосылады. Ақтоғайдың алғашқы мысы – өз әлеуетін одан әрі іске асыра беруге бет алған компаниямыз үшін маңызды қадам».
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде