• Басты
  • Жаңалықтар
  • Адам капиталына инвестиция құю қазақстандықтарды әл-аухатының артуының кепілі – шетелдік сарапшы

Адам капиталына инвестиция құю қазақстандықтарды әл-аухатының артуының кепілі – шетелдік сарапшы

2 Желтоқсан, 2015 09:57
Адам капиталына инвестиция құю қазақстандықтарды әл-аухатының артуының кепілі, деп ағынан жарылды Сухум мемлекеттік университетінің профессоры, грузин тарихшысы Гурам Мархулия «Strategy2050.kz»АА берген сұхбатында.

- Бүгінде көптеген мемлекеттер экономикада үлкен қиындықтармен бетпе-бет келуде. Әр мемлекет түрлі шешімдер қарастыруда. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы экономикалық аспектіні қалай бағалайсыз?   

- Қазақстан өмірінің барлық салаларының заманауи даму кезеңі – экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени қызметі институционалды ортаның қайта құру бойынша белсенді қызметімен сипатталады.   Жасыратыны жоқ, соңғы он жылдықтағы экономикалық саясаттың нәтижесі күтіліп отырған нәтижеге сай келеді. Экономикадағы өзгерістер мемлекет болашағын түгелдей өзгертті. Табысты саясаттың арқасында Қазақстанның халықаралық аренадағы беделімен өрнектеледі.  

Кез-келген ұлттық экономиканы дамыту үлгісі тарихи кезеңдерге тәң түрлі ерекшеліктерге ие. Сондықтанда түрлі реформаларды жүргізуде  басты мәселе таңдалып алынған экономика үлгісінің дұрыстығы маңызды.

Қазақстан басшылығы дер кезінде халықаралық экономикалық даму тәжірибесін жіті зерттеді. Мемлекетті дамытудың ең ыңғайлы жолдары іріктелініп алынды, ол кезде бүгінгі жағдай мен қатар даму болашағы, реформалау принціптері ескерілді. Теориялық қондырғылардың қатарына Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың  әлеуметтік-экономикалық даму заманауи кезеңіне берген бағасын жатқызуға болады. Бұған дәлел ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясын алуға болады.

Бұл экономикалық саясатта Қазақстанның ұлттық даму идеясы да қалыптасуда -  бай, мықты, демократиялы, жан-жақты, заманауи мемлекетті құру нақты мақсаттар мен міндеттерді негізге алады.  

- Қазақстанда әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға көтеру туралы шешім қаблданды. Сіздің ойыңызша бұл нені білдіреді?

- Сөзсіз экономикалық тәуекелдер мен жаһандық дағдарыс жағдайында Президент Н.Назарбаевтың экономикалық саясаты мақтауға тұрарлық.  Белсенді экономикалық өсім Қазақстан үкіметіне батыл әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік берді.

Әл-аухат жүйесінде халықтың табысы маңызды рөл атқарады. Бір жағынан олар әл-аухатты артыруға бағытталған табыс көзі, сонымен қатар жалпы халықтың жағдайының деңгейін анықтайды. Бүгінде Қазақстанда халық сұранысты анықтайды және бұл өндіріс үшін түрткі болады. Бұл Еуропаның бүгінгі жағдайында тіпті қызықты.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын қорыта келе мемлекеттің әлеуметтік саясатында масштабты инвестицияларға басымдылық берілуі тиіс деп атап өтті. Дәл осы саясат қазақстандық халқтың өсіп-өркендеуінің кепілі болып табылады.

- Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бойынша жаңа бастамаларды көтеріп отыр. Сонымен қатар қатысушылар тікелей және ашық диалогқа шақыруда. Біздің еліміздің ұстанымын қалай бағалайсыз?

- КСРО және ол құлаған кезден кейін Қазақстан тұрақтылықты сақтап қала білді, бұл ретте дұрыс геосаяси жағдайды дұрыс бағалау оң әсер берді. Қазақстан өте қиын кезеңдерде көпвекторлы принціпті қолдады, ол өз кезегінде табысты сыртқы саясатты қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қазақстанның сыртқы саясатының құрамында ядролық қарудан бас тарту және ядросыз мемлекет ретінде статусты алғаны бар. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі, беделді халықаралық  субъектісі.  Жалпы, Қазақстан тарих үшін қас қағым сәтте өте табысты экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларды жүргізе білді және оны әлемде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының озық үлгісі ретінде бағалайды.

Қазақстанның «Еуропаға жолын» Еуроодақ өте жақсы қабылдады, халықаралық қатынастарда үлкен табысқа қол жеткізілді.  

Айта кетерлік жайт, грузин қауымдастығы Президент Н.Назарбаевтың саясатын өте жоғары бағалайды. Қазақстан Ресейдің Грузияның кейбір аймақтарын сепаратистік деп тану туралы шешімін қолдамады. Бұл саясат екі ел арасындағы достықтан туып отыр.

Сіздің елдеріңізге барлық жақсылықты тілеймін, ішкі және сыртқы саясатта одан ары табысқа жете беріңіздер, ҚР Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

- Сұхбатыңызға рахмет.

Данияр Қасымов

Барлық жаңалықтар