• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды

2 Желтоқсан, 2015 12:34
Сербия Республикасының елордасында - Белградта «Карич қорының» жыл сайынғы марапаттау салтанаты өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі мен Қазақстан және Сербия арасындағы халықаралық достық пен ынтымақтастық үшін жоғары наградамен марапатталды. Награда ҚР-ның Сербиядағы Елшісі Нұрбах Рүстемовке берілді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Айта кетерлігі, «Каич қоры» Н.Назарбаевтың барлық әлемдегі бейбітшіліктің нығаюына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Семейдегі ядролық полигонның жабылуы, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезін өткізу арқылы конфессияаралық ынтымақтастықты ілгерілету. Сербияда  Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақты құрушы, екі контингентті біріктіруші ретінде қарайды.

Айта кетейік, 18 жыл бұрын «Карич қоры» бекіткен «Братья Карич» сыйлығы әр түрлі номинацияда ұсынылады: бейбітшілікті нығайту, халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достық, мәдениет және өнер, экономика мен ауыл шаруашылық қызметі, журналистика, публицистика және баспа ісі,  ғылыми-зерттеу жұмыстары мен гуманитарлы қызмет.

Сыйлық лауреаттарының ішінде - Владимир Путин, Жорес Алферов, Евгений Примаков, Юрий Осипов, Патриарх Московский және Руси Алексий II, Патриарх Сербский Павел, Патриарх Сербский Ириней, Эмир Кустурица, Новак Джокович, Жан-Кристоф Буисон және өзге атақты тұлғалар. 

Барлық жаңалықтар