- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өтуде (ФОТО)
ҚР Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өтуде (ФОТО)
Ғылыми реставрация, ғылыми-ағартушылық жұмыстары, музей экспонаттарын сақтау мен қорғау бойынша музей ісінің ірі мамандарынан тұратын делегацияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, Ресей музейлері одағының төрағасы, Халықаралық музейлер кеңесінің мүшесі (ИКОМ), тарихшы-шығыстанушы, арабтанушы және исламтанушы, Таяу Шығыстың ежелгі және ортағасырлық тарихы, Араб түбегінің тарихы, Саба, Химйар, Құран және исламның ерте тарихы, ежелгі араб жазулары, арабтардың эпостық аңыздары, араб қолжазба кітабы, мұсылман мәдениеті салаларын зерттеген Мемлекеттік Эрмитаждың Бас директоры Михаил Пиотровский бастап келді.
«Менің Қазақстанға келгендегі мақсатым – Астана, Қазақстанның Ұлттық музейінде Эрмитаж күндерін өткізу. Жалпы, желтоқсан айының басында Эрмитаж күндерін ұйымдастырып, жыл бойы атқарған жұмысымызды қорытындылаймыз. Биыл өз елімізде есеп берместен бұрын, Астанаға келіп, Эрмитаж күндерін ұйымдастырып жатырмыз. Шара аясында өзара тəжірибе алмасамыз. Ұлттық музейге бұл алғаш келуім»,– деді М.Пиотровский.
«Эрмитаж күндерінің» салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сонымен қатар ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Ұлттық музейдің халықаралық дəрежеде өз орны болу керек. Михаил Пиотровский реставрация, музейфикация сияқты сирек кездесетін мамандарды ертіп келді. Біздің мақсатымыз – Эрмитажбен тығыз қарым-қатынас орнату. Мысалы, келесі жылы Қазақстанда Эрмитаждың бірнеше көрмесін өткізуіміз керек. Себебі, Эрмитажда Сақ мəдениетіне байланысты көптеген жəдігерлер, Ақсақ Темірдің тасқа жазған жазбалары сияқты көптеген жəдігерлер бар. Сонымен қатар, Қазақстан музейлеріндегі де сирек кездесетін жəдігерлерді Эрмитажға қоюымыз керек. Сондықтан, осы Эрмитаж күндерінің маңызы зор, – деді А. Мұхамедиұлы.
Шара барысында лекциялар, семинарлар, шеберлік сабақтары, кездесулер, музейлердің ИКОМ Халықаралық Кеңесімен бірлесіп қызмет ету бойынша, сонымен қатар, Эрмитаж туралы виртуалды көрме сияқты халықаралық музей жобалары аясында музей салаларын дамыту сынды өзекті мәселелерді талқылау болды.
«Бүгінде музей қауымдастығының алдында жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға қатысты өзекті мәселелер тұр. Оларды тиімді шешуде Ұлттық музейдің ролі ерекше. Музей ашылғалы бері шетелдік, оның ішінде Ресей музейлерімен тығыз байланыс орнатып келеді. Осындай әріптестік байланыстың нәтижесінде түрлі бағыттағы мәдени алмасулар, көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылды. Ұлттық музейде Эрмитаж күндерінің өтуі де сондай ауқымды жұмыстың жемісі», – деді ҚР Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды