- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Мемлекеттік Эрмитаждың бас директорымен кездесті
Елбасы Мемлекеттік Эрмитаждың бас директорымен кездесті
1 Желтоқсан, 2015 17:43
Мемлекет басшысы Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровскиймен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы кездесу барысында М.Пиотровскийге Астанаға сапарлап келгені үшін алғыс айтты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев музейлердің тәжірибе алмасуы және жұмыс бабындағы тұрақты байланыстары Қазақстан мен Ресей халықтарының бай мәдени және тарихи мұраларын сақтау ісіне қомақты үлес қосуға мүмкіндік беретініне назар аударды.
М.Пиотровский өз кезегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 1-2 желтоқсанда өтіп жатқан «Эрмитаж күндері» туралы әңгімеледі, сонымен қатар Мемлекет басшысына екі елдің мәдениетаралық ықпалдастығын дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда