• Басты
  • ҚР Президентінің басты еңбегі Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы – сарапшы

ҚР Президентінің басты еңбегі Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы – сарапшы

1 Желтоқсан, 2015 16:37
ҚР Президентінің басты еңбегі Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуы, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Хазар» Әзірбайжан этномәдени орталығының мүшесі Нейла Гулиева.

-Нейла, сіз үшін бүгінгі ҚР Тұңғыш Президент күні   мерекесінің маңызы қандай?

- Бұл мереке – ҚР Тұңғыш Президент күні – мағынасы көп. Дәл қазір біздегі бар тұрақтылық, бейбітшілік сынды құндылықтар Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде келіп отыр. Менің отбасым ҚХА-ның кішкентай көшірмесі сияқты. Менің әкем – әзірбайжан, анам орыс, ал күйеуім – қазақ. Мен үшін және отбасым үшін Қазақстанда ұлтаралық, конфессияаралық келіспеушіліктердің болмауы өте маңызды. Бұл бізге тыныштықта күн кешіп, балаларға тәрбие беріп, дамуға мүмкіндік береді. Осы күндері біз «Отты өзен» фильмін көрдік, көркем фильмде ол өзінің әр түрлі ұлт өкілдерімен қандай  достық қарым-қатынаста болғаны  көрсетілді. Ол біздің қоғамда ұлтаралық бірлікке ден қойды, себебі өзінің жастық шағын мысалға алды.

- Сіз Тұңғыш Президент күнін қалай тойлайсыз? Этномәдени орталыққа төрағалық ете отырып,  шараларға қатысасыз?

- «Хазар» этномәдени орталығының атынан мен әзірбайжандық мәдениетті таныстырып, Астанадағы әр түрлі шараларда ән айтып, өнер көрсетем. Бұл меркеде мен өзге этномәдени орталықтардағы әріптестеріммен Астанадағы Ұлттық кітапханада концерт қойдым. Мен қазақша, әзірбайжан және орыс тілдерінде ән айтам. Бұл жыл ҚХА үшін мерейтойлық болып есептеледі. Мен көктемде өлең шығардым, оны қазақ тіліне аударып, Алматының орындаушысы Б.Рүстемов ән шығарды.  «Жасай бер, туған ел!» атты ән шықты. Мен бұл әнді тұңғыш рет 1 мамырда  ҚХА фестивалінде  орындадым.

- Кеше Қазақстан халқы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы жарияланды. Бұл стратегиялық құжат туралы сіздің пікіріңіз қандай?

- Менің ата-анам медицина қызметкерлері. Ал, мен  - ән және ән айту ұстазымын. Сондықтан да, келесі жылдан бастап Елбасының бюджеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру бастамасына басты назар аудардым. Барлық әлемде экономика әлсізденіп жатқан, біздің Елбасы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік тапты. Бұл жүздеген қарапайым қазақстандықтарға жақсы жаңалық. Елбасының осы жолғы Жолдауы болашаққа сенім сыйлады. Елбасымен бірге ешбір сынақ қиын емес. Сондықтан, барлық ұлт өкілдері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жағына жиналып, бір бағытты ұстану дұрыс деп есептеймін. 

Барлық жаңалықтар