- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды (ФОТО)
Алматы облысында 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды (ФОТО)
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлерді берудеміз. Мұны қоныс иелерінің көбісі үшін шынымен де асыл армандарының орындалғаны деп түсінуге болатын шығар. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Біз бүгін адам көңілін елжіретер жақсы істің куәсі болып тұрмыз. Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының негізінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолжетімді тұрғын үй құрылысы, пәтер беру мәселесі елімізде жыл санап шешімін тауып келеді. Осыдан бұрын өздеріңіз секілді баспанаға мұқтаж азаматтарға Талдықорған қаласынан 60 пәтер берілген болатын. Сіздерге де міне 100 пәтер берілуде. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңізде тек қана жақсылық, шаттық орнасын! Бұл бастама сіздердің болашаққа деген сенімдеріңізді нығайтып, үміт отын сөндірмесін!», - деді облыс әкімдігі.
«Бірінші кезекте баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Көрсетіліп жатқан қолдау мен көмектеріңіз үшін Елбасына, облыс әкіміне шын жүректен шексіз алғысымды білдіремін. Енді менің жеке баспанам бар.Пәтер кілтін табыстау рәсімінен кейін, жаңа үйге кіру алдындағы дәстүр бойынша шашу шашылып, облыс әкімі А. Баталов бірнеше пәтерді аралап, пәтер иелерімен әңгімелесіп, оларға бақыт пен молшылық тіледі", -деді Облыс әкімінің қолынан алғашқылардың бірі болып пәтер кілтін алған Александр Чернявский.
Айта кетер болсақ, 2006-2014 жылдар аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан балаларға тек 66 пәтер бөлінсе, бүгінгісін қоспағанның өзінде 2015 жылдың 10 айында Текелі қаласында - 26, Қапшағай қаласында - 21, Ақсу ауданында - 9, Көксу ауданында – 4 және Талдықорған қаласында 60 жалпы саны 120 жетім бала қоныс тойын тойлады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері