• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Кәсіпкерлер палатасы мүшелік салымдарды 15-20 пайызға қысқартуды жоспарлауда

ҚР Кәсіпкерлер палатасы мүшелік салымдарды 15-20 пайызға қысқартуды жоспарлауда

1 Желтоқсан, 2015 13:39
ҚР Кәсіпкерлер палатасы мүшелік салымдарды 15-20 пайызға қысқартуды жоспарлауда, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Жалпы, жүйеде біз 100 штаттық бірлікті қысқарту жоспарланған. Бұл біздің штаттың 10-415 пайызы. Өңірлік деңгейде 80 адам оңтайландырылды. Орталық аппаратта 50-60 адам, яғни 20 пайыз. Оңтайландыру қорытындысы бойынша бюджеттің үнемделуі 1 млрд теңгені құрады», - деді А.Мырзахметов.

Осы орайда ол мүшелік түсім қысқартылу мү.мкіндігін де атап өтті.

«Біз мүшелік түсімдердің 15-20 пайызға қысқартылмауына  кепілдік бере алмаймыз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар