- Басты
- Жаңалықтар
- ҚХА Н.Назарбаевты ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады
ҚХА Н.Назарбаевты ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қазақстан халқының өміріндегі атаулы дата – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Сізге деніңізге саулық, елімізге ізгілік, бейбітшілік пен амандық тілеген ыстық лебізімізді, орасан зор алғысымызды қабыл алыңыз.
2015 жыл Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болды.
Бұл жылы тарихымыздағы елеулі белестер – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтті.
Тұңғыш Президент күні Сіздің Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауындағы айтулы жеңісіңіздің аясында өтуде. Бұл жеңіс Сіздің бейбітшілік пен келісім саясатыңызға деген бүкілхалықтық сенімнің салтанаты болды, болашаққа сенімділікті, тұрақтылықты және жалпыұлттық бірлікті ныйғайтуды қамтамасыз етті.
Биылғы жылы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына шығаруға бағытталған орасан зор Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бастау алды.
Сіздің «100 нақты қадам: Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарыңыз Қазақстан халқының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының аясында біріккен Болашағы біртұтас ұлт ретінде дамуының стратегиялық келешегін айқындап берді.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сіз Қазақстан халқыға арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жария еттіңіз. Онда дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның үдемелі және сенімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі жаңа міндеттер қойдыңыз.
Жолдау еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық салалары бойынша Қазақстанның әр азаматының мүддесіне сай келетін маңызды да қажетті шешімдерінің бар екенін көрсетті.
Біз Сіздің барлық бастамаларыңызды толық қолдаймыз, олардың Қазақстан халқын Сіздің тапсырмаларыңыз бен міндеттеріңізді орындауға жұмылдыратын жасампаздық қуатына сенімдіміз.
Біз Сізді құттықтаймыз, құрметті Елбасы! Сүйікті Отанымыз Қазақстан Республикасының әл-ауқаты мен гүлденуі жолында Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және шығармашылық тілейміз!
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар