• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҰКП Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға әзір

ҚР ҰКП Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға әзір

1 Желтоқсан, 2015 13:12
ҚР ҰКП Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға әзір. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

«Кеше Елбасы Қазақстан халқына кезекті өз Жолдауын жасады. Жолдау барысында салық жүйесіне өзгерістер енгізілетінін атап өткен еді. Иә, сатудан түскен салық енгізілетін болса да, салықтың түсімі өспейді. Ол қалай өзгерсе де, салықтың бизнеске деген түсімі өзгермеу керек. Бұл - ең басты мәселе. Салықтың түрін өзгертейік, кей бөлімдерін алып тастайық, бірақ бизнеске келіп отырған пайызы өзгермеу керек. Егер біз түсімді өсіретін болсақ, әрине, бизнеске, кәсіпкерлерімізге ол қиын болады. Оның үстіне қазір отандық кәсіпкерлердің арасында бәсеке де күшейіп отыр. Салықтың түсімін өсірсек, қиын жағдайға әкеліп соғады. Елбасының бұл айтқан тапсырмасы біздің көңілімізден шықты. Біз бұл мәселені бұрыннан көтеріп жүрміз. Салық жүйесіне қандай реформалар жасалса да, салықтың түсімі өспеуі керек, - деді Абылай Исабекұлы.

Оның айтуынша, жаңа салық түрінің енгізілгені дұрыс көрінеді. Алайда, ол әлі зерттеуді қажет етеді. Ендігі жерде арнайы жұмыс тобы құрылып, 1 наурызға дейін белгілі болады деп күтілуде. 

Айта кетейік, 30 қарашада Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент «ширек ғасырда Қазақстан ұлттық экономикасын құрып, жақандық шаруашылық байланыстарын орнатқан, гүлденген тұрақты елге айналды» деген болатын.

Ботагөз Айтжанова 

Барлық жаңалықтар