• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қосшыда тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін салынған 45 пәтерлі көпқабатты үй пайдалануға берілді

Қосшыда тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін салынған 45 пәтерлі көпқабатты үй пайдалануға берілді

1 Желтоқсан, 2015 16:03
Целиноград ауданының Қосшы ауылында көктемгі тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін салынған 45 пәтерлі көп қабатты үй пайдалануға берілді. Бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ағанас және Қызылжар ауылының тұрғындары көптен күткен пәтер кілттерін салтанатты түрде қабылдап алды, деп хабарлады Ақмола облысы.

Кілт табыстау рәсімінде қоныстанушылар мемлекетке алғыстарын айтып, үйлерді салуға көмек көрсеткендерге ізгі тілектерін жолдады.

«Көктемде, біз тасқын судан зардап шеккен кезде облыс әкімдігінің өкілдері ешкімді далада қалдырмайтындарын айтып, уәде берген болатын, осы Қосшы ауылына үй салып ауыл тұрғындарын көшіреміз деген. Біз сендік. Үй сала бастағанда да басы-қасында болып, қуандық. Міне, енді жаңа пәтердің кілттерін алып жатырмыз, бұл біз үшін үлкен бақыт. Осы күннің Тұңғыш Президент күнімен қатарласа келуі біздің қуанышымызды еселей түсуде. Өйткені Елбасымыздың арқасында біз мемлекеттен осындай үлкен көмек алып отырмыз» деді ағынан жарылған Ағанас ауылының тұрғыны, құрметті ақсақал Ерден Абаев.

Барлық отбасылар жаңа пәтер кілттерін алып болғаннан кейін шара жиналғандардың пәтерлерге шағын экскурсия жасауымен жалғасты.

Еске сала кетейік, Целиноград ауданының тасқын судан зардап шеккен тұрғындары үшін ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Оразақ ауылында 100 екі пәтерлі үй – яғни 200 пәтер салына басталған болатын, бүгінде оның 186-сы тапсырылған, қалған 14-і жақында иелеріне табысталатын болады. 

Одан өзге, 2015 жылдың 28 қарашасында Ақмол ауылында Жаңа жол, Оразақ және Ақмол ауылының тұрғындары үшін 45 пәтерлі көпқабатты үй берілген. Міне, енді бүгін Қосшы ауылында екінші 45 пәтерлі үй пайдалануға берілді.

                                                                                                               

 

Барлық жаңалықтар