• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазіргі заманғы Қазақстан құрылысындағы ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі орасан – Литва елшісі

Қазіргі заманғы Қазақстан құрылысындағы ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі орасан – Литва елшісі

1 Желтоқсан, 2015 15:34
Қазіргі заманғы Қазақстан құрылысындағы ҚР Тұңғыш Президентінің рөліне баға беру мүмкін емес, деді Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстандағы Литваның Төтенше және Өкілетті елшісі Витаутас Наудужас.

«Менің пікірімше, Литвада, тек Литвада ғана емес, барлық елде Қазақстан Президентіне деген құрмет жоғары. Мен бұл сөзді осы елде Елші болып отырғаннан айтып отырған жоқпын. Қуатты ел құрып, гүлденген Астана  сынды қаланы құрған адам жоғары құрметке ие болуы керек. Мен Елбасы Н.Назарбаевқа ол «А» санатындағы ел құрғанын айтқан болатынмын», - деді Наудужас.

Елшінің айтуынша, Н.Назарбаев  - өте ерекше саясаткер. Бұл өте күрделі жолды бастан кешірген тұлға, қарапайым шаруадан осы дәрежеге көтерілген адам. Сондықтан халықтың жағдайын жете түсіне біледі.

«ҚР Тұңғыш Президентінің заманауи Қазақстанды құрудағы рөлін жеткізу мүмкін емес. Мен енді жалғыздың үні шықпас дегенмен мүлдем келіспеймін. Елбасына әрине, көптеген кедергілерді артта қалдырып, қиын-қыстау кезеңді бастан кешіру қажет болды. Ол оның барлығын сәттілікпен бастан кешіргені бүгін көрініп отыр», - деді дипломат.

В. Наудужас атап өткендей, Қазақстан мен Литваның екіжақты қарым-қатынасы белсенді дамытуда. Қазіргі таңда көлік саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

Балтық елінің өкілі республика қолданып отырған шаралар кешеніне жоғары баға беріді. Литва елшісі «Нұрлы жол» бағдарламасын оңтайлы бағалады. 

Барлық жаңалықтар