• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астаналық Өрт сөндіру қызметі планшеттер үшін қаланың «Мобильді картасын» енгізді (ФОТО)

Астаналық Өрт сөндіру қызметі планшеттер үшін қаланың «Мобильді картасын» енгізді (ФОТО)

2 Желтоқсан, 2015 10:42
Астана қаласы өртке қарсы қызметінің гарнизонында ақпараттық технологияларды дамыту шеңберінде онлайн режимде өрт сөндіру гидранттары және қала нысандарының сипаттамасы туралы ақпараттан хабардар етуге мүмкіндік беретін «Андройд» операциялық жүйесі базасындағы «Мобильді карта» модулін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметі.

 Бұл жұмыстар 2014 жылдан бері қолға алынған. Осы бағыттағы жұмыстың мақсаты  өрт сөндіру гидранттары, су қоймалары көрсетілген шығу аудандарының картасы бар қағаз планшеттердің, сондай-ақ қағаз тасығыштарындағы жедел жоспарлар мен өрт сөндіру карточкаларының қазіргі заманғы электронды аналогын құру болып табылады.

Қағаз жүзіндегі ақпараттардың кемшілігі бірқатар: ақпараттарды жаңартудың қиындығы, яғни болмашы өзгерістер үшін үлкен көлемді қағаздарды қайтадан басып шығару керек болады. Сондай-ақ қағаз үлгісінің кемшілігіне нақты, толық ақпараттарды, әсіресе, жыл сайын өзгеріске ұшырайтын гидранттар туралы ақпараттарды орналастыру шектеулігін жатқызуға болады. Тағы бір кемшілігі қағаз планшеттері 1-2 данада ғана шығарылып, ал ол өз кезегінде тәжірибе жүзінде жеткіліксіз.

Өрт сөндіру қызметіндегі планшеттерге электронды карталарды енгізу аталған  шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді. Біріншіден, жыл сайынғы тексерулер нәтижесі бойынша өзгеріп тұратын және оларды өрттерде қолдану кезіндегі, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде және басқа да шығулар кезінде, сондай-ақ сумен жабдықтау ұйымдарымен жыл сайынғы жұмыс нәтижесі бойынша өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларының жағдайлары. Екіншіден, КҚЖБО серверінде өрт сөндіру карточкалары мен жедел жоспарлардыжаңартуға және сақтауға және онлайн режимінде оларға қол жетімділік мүмкінкіндігі пайда болды.  Үшіншіден, бірмезгілде қолданатын планшеттермен смартфондар санына шектеу қойылмаған.

Осылайша, өрт сөндіру басшылары  планшет немесе смартфон көмегімен объектілердің сипаттамасын, сол сияқты объектіге жету кезінде өрт  сөндіру гидранттары мен су қоймалардың сипаттамасын  көре алады.

«Мобильді карта» модулінің интерфейсі ыңғайлы және оңай: авторизациядан кейін көшелердің нөмірлері мен атулары, үйлер мен олардың нөмірлері және нөмірленген гидранттар және су қоймалары көрсетілген қаланың картасы ашылады. Сондай-ақ дұрыс бағыт алуға септігін тигізетін көгал алаңы, жасыл алаптар, өзендер мен көлдер болуы мүмкін. Карта аумағының көрінуі экран бойынша саусақпен жылжыту арқылы, көлемін өзгерту + және  -  басу арқылы немес екі саусақпен жүзеге асырылады.  Ағымдағы көлемнің параметрі жасыл алаңда көрініп тұрады. Көрінетін аумақтың керектісін іздеу керекті мекенжайды теру арқылы жүзеге асырылады немесе ағымдағы шығу нысандарының тізімінен табуға болады. Сондай-ақ, жарамды гидранттар мен су қоймалар көзбен шолу арқыл ақ-көк түстер арқылы ажыратылады. Жарамсыздары ақ-сұр түспен көрсетіледі. Нөмірі оң жағында көрініп тұрады.

         Өрт сөндіру гидранттарына немесе су қоймаға басқан кезде қосымша байланыс мекенжайы мен белгінің бары және оның орналасуы көрсетілген сипаттама терезесі ашылады. «Тип» жолағында гидранттар үшін диаметрі мен құбыр желісінің түрі (К-150), ал су қоймалар үшін олардың көлемі шаршы метрмен көрсетілген. Сондай-ақ жарамсыздардың тізімі көрсетілген және гидранттың/су қойманың соңғы тексерілген мерзімін, ақпараттың растығына жауапты тұлғаның аты-жөні көрсетіледі.

Объектілер туралы сипаттаманы алу үшін  картадағы оның суретіне басу жеткілікті. Осы жерде оларға байланыстырылған жедел жоспарлар мен өрт сөндіру корточкалары файлдарының тізіміне қол жеткізуге болады. Атын таңдағаннан кейін серверден жүктеу басталады және файлдарды көруге болады.

Астана қаласында жаңа ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру кезінде модулде орналасқан тиісті баптауларды қолдана отырып, өрт сөндіру гидранттарды енгізу мүмкіндігі бар. 

Бар гидрантты (немесе жаңа құрылған) басу кезінде және түзетуге рұқсат болса оның сипаттамасын өзгертуге (немесе бірінші рет толтыруға) және сақтауға болады.

Мекенжайға байланыстыру байланыс ғимаратына саусақпен басу арқылы, гидранттың терезесін жаппай, соның ішінде ғимараттың мекенжайы қызыл әріппен белгіленген тиісті терезе жолағына шығады.

«Текст» түймешігіне басу картаның барлық мәтіндік нысандарын жасырады немесе қайта көрсетеді. «Текст» түймешігінің қажеттілігі сипаттаманы алу үшін оған басуды техникалық қиындататын кейбір жағдайларда мәтін келесі ғимарат немесе гидрантты өзімен көрсетпей тұруына байланысты туды. 

Редакциялау немесе көру құқығына қол жеткізуді, қолданушылар тізімін өзгертуді «Мобильді карта» модулі әкімшісінің құқығы берілген Өрт сөндіру күштері мен құралдарымен Жедел басқару орталығының қызметкерлері жүзеге асырады. 

Қазіргі уақытта картографиялық модульді дамыту және жетілдіру  жалғасуда.

 

Барлық жаңалықтар