• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда шығарылатын броньдалған дөңгелекті техниканы Иордания сатып алады

Қазақстанда шығарылатын броньдалған дөңгелекті техниканы Иордания сатып алады

2 Желтоқсан, 2015 10:12
Астанадағы «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-ның зауытында шығарылатын өнім ІІ Абдалла Патшасы (KADDB) атындағы жобалық-құрастыру бюросына жеткізіледі, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бұл уағдаластыққа  «Қазақстан инжиниринг» ҰК»  АҚ-тың басқарма төрағасы мен ІІ Абдалла Патшасы  (KADDB) атындағы жобалық-құрастыру бюросының бас директоры Мохаммед М.Әл-Хабхбаның кездесуі аясында қол жеткізілді.

Келіссөздер барысында тараптар өзара түсінушілік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Астанадағы «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-ның зауытында шығарылатын KADDB 50 бірлік броньды дөңгелекті техниканы жеткізуді көздейді. Кездесу соңыңда «Қазақстан инжинирингтің» басшысы иорданиялық әріптестерін  «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүліктің  IV халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

 KADDB бас директоры өз кезегінде, Е.Ыдырысовқа Аммандағы халықаралық көрме мен SOFEX-2016 арнайы мақсаттағы күштердің конференциясын көруге шақырту берді. ІІ Абдалла Патшасы  (KADDB)  атындағы жобалық-құрастыру бюросы Иорданиялық Қарулы Күштерінің тәуелсіз мемлекеттік мекемесі болып табылатынын айта кетейік. Әскери техниканы өндіру мен шығаруды жүзеге асырады.
 

 

 

Барлық жаңалықтар