• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Тұңғыш Президенті күнін бекіту Н.Назарбаевқа көрсетілген құрмет – сарапшы

ҚР Тұңғыш Президенті күнін бекіту Н.Назарбаевқа көрсетілген құрмет – сарапшы

1 Желтоқсан, 2015 14:32
ҚР Тұңғыш Президенті күнін бекіту Н.Назарбаевқа көрсетілген құрмет, деді IV-V шақырылымының Парламент Сенатының депутаты, Л.Н. Гумилев атындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының депутаты Анатолий Башмаков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

- Анатолий Афанасьевич, ҚР Тұңғыш Президенті күнін бекітуді  немен байланыстырасыз?

-1 желтоқсан күнін Тұңғыш Президент күні деп бекіту 2011 жылы жүзеге асты. Мен ол кезде Парламент Сенаты жұмыс тобының мүшесі болдым, ол кезде осы заңнаманы қарастырып жатқан 10 депутаттың қатарында болдым.

Айтатыным, бұл қазақстандықтардың, республика азаматтарының қалауы болды. Бұған көзім  Петропавл жұртшылығымен кездесуде жетті. Халық кездесуде Тұңғыш Президентке құрмет ретінде бір күнді арнау керектігін айтты. Елбасы елдің қалыптасу, бірлік жолында ерен еңбек етті, ол ескерілуі керек деп жатты халық.

Тұңғыш Президент күнін бекітерде біз, депутаттар   көпұлтты елдің қалауын жүзеге асырдық.

-Н.Назарбаевтың әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде біздің елдің қалыптасуындағы рөлі қандай?

- Ұлт көшбасшысының бұл орайдағы еңбегіне баға беру мүмкін емес. Бұл құр айтылған сөз емес.

Біз ТМД бойынша өз шекарасы туралы келісім орнатқан алғашқы елміз. Бұл Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай,. Бұл 12,5 мың шақырым. Әлемдегі құрлық шекарасы үлкен мемлекет.

Өте ауқымды жұмыс жасалды. Көп жылдар бойы КСРО кезеңінен бастап Қытаймен шекараны бөлу мәселесі ұшығып тұратын. Ал, Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен аз уақыттың ішінде шекара мәселесіне қатысты барлық сұрақтарды шешті. Біз өз жерімізді ресми түрде бекітіп алдық.

Бүгін біз егемендікке ие болып отырмыз. Бұл халықаралық беделдің жоғарылығы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында байқалды.

Тұңғыш рет әлем жоғары мінберден қазақ тілінің әуезділігіне куә болды. Елбасы ең өзекті мәселелерге назар аударды.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Елбасының Біріккен Ұлттар Ұйымында сөйлеген сөзі ең тиімді болып танылған. Н.Назарбаев Қазақстанды әлемнің ең үлкен орны БҰҰ толыққанды мүшесі ретінде таныстырды. Бүгінде әлемнің барлық елдері біздің тәуелсіздігімізді мойындап, 120 ел дипломатиялық қарым-қатынас орнатып отыр. Бұл Елбасының беделінің нәтижесінде қол жеткізіліп отырған нәтиже.

Еске алсақ, Н.Назарбаев советтік кезде де Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдаған болатын. Осындай істерді атқарып жатқан Елбасымыз бір күнді беріп, Тұңғыш Президент күні деп атауға әбден лайық.

Семей талай тағдырдың тауқыметін адамдарға тарттырды. Ол ядролық сынақтар мен жарылыстардың нәтижесі. Сондықтан да Семей ядролық полигонының жабылуы барлық әлем үшін маңызды оқиға болды. Бұл Елбасының салиқалы саясатының нәтижесі.

- Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ұсынған Қазақстанның идеологиялық  доктринасын қалай бағалайсыз?

- Елбасы «Мәңгілік ел» гуманистикалық тұжырымдамасына өте тиімді келді. Болашаққа нық қадам басу үшін өткеніңді ұмытпау қажет. Н.Назарбаев бізге  тарихымызды еске салып, көне тарихымызға назар аудартты. Бұл қазақстандық бірлікті сақтауда өте маңызды.

Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біздің Елбасы көптің қалауын түсініп, «Мәңгілік елдің» дүниеге келуі де осы болды. Бұл шешімге Елбасы Ұлытау киелі таудың бөктерінде келді.

Мен үшін Н.Назарбаев Қазақстан халқы мен мемлекетке қызмет етудің ең адал, жарқын мысалы.

Барлық жаңалықтар