Қазақстан Тұңғыш Президент күнін тойлауда

1 Желтоқсан, 2015 10:02
Бүгін Қазақстан Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде.

2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын.

«Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  бірлік пен Конституциялық қорғау, адамның бостандығы мен құқығын қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз елдің негізін қалаушы болып есептеледі. ҚР Президентінің жетістігі халық тарапынан сыйластық пен ықыласты қажет етеді», - делінген Сенаттың заң жобасы бойынша қорытындысында.

Осы орайда Қазақстанда кеңінен аталып өтілетін бұл мереке неге 1 желтоқсан күніне белгіленді деген заңды сұрақ туындайды. Расында, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түскен отырған жоқ.

Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев  халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді.

Тұңғыш  қадамдардың бірі  1991 жылдың желтоқсаны - алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау болып,  біздің мемлекетміздің жаңа атауы туралы шешім қабылдау өтіп,  16 желтоқсан  - «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданған болатын.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Қорғаныс күштерінің әскери-тарихи мезейінің салтанатты ашылуына қатысады. Сондай-ақ, еліміздің бас шыршасының ашылу рәсіміне қатыспақ.

1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болып есептеледі. 

Барлық жаңалықтар