З.Балиева: Еліміздің қалыптасуы – Елбасы мен Қазақстан халқының еңбегі

1 Желтоқсан, 2015 11:36
Еліміздің қалыптасуы – Елбасы мен Қазақстан халқының еңбегі, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні. Мемлекет басшысының рөлін айтып жеткізу мүмкін емес. Еліміздің қалыптасуы – Елбасы мен Қазақстан халқының еңбегі. Қазақстандықтар аталмыш күнді Елбасына арнап, тойлап жатқандығы бекерден жүзеге асқан жоқ. Бұл еңбектің жемісі», - деді З.Балиева.

Депутат атап өткендей, Қазақстан халқы Елбасымен мақтанады, құрмет тұтады. Себебі, біз Қазақстан бірлік мекені, бейбітшіліктің ортасы деп сеніммен айта аламыз.

«Біздің ел барлық дінге толеранттылықпен қарап, барлық халықтың салт-дәстүрін сыйлайды. Мен шын жүректен Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Елдің қалыптасуына ғана емес, көпвекторлы геосаясат үшін алғысымды білдіремін. Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің саясат картасында беделді орын алады», - деді депутат.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар