• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Ничкасов: Дипломаттарға ҚР Президентінің Жолдауда айтқан бастамалары маңызды

А.Ничкасов: Дипломаттарға ҚР Президентінің Жолдауда айтқан бастамалары маңызды

1 Желтоқсан, 2015 12:04
ҚР Президентінің Жолдауында тек ағымдағы экономикалық жағдайға баға беріліп қана қоймай, жаңа бастамалар ұсынылып, оларды жүзеге асыратын ұсыныстардың айтылуы дипломаттар үшін өте маңызды, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов.

«Дипломатиялық корпус жыл сайынғы ҚР Президентінің Жолдауына шақырылды. Бұл оқиға жылда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өтеді, дипломаттарға Ұлт көшбасшысының Жолдауда айтатын бастамалары мен тапсырмалары өте маңызды. ҚР Президентінің Жолдауында тек ағымдағы экономикалық жағдайға баға беріліп қана қоймай, жаңа бастамалар ұсынылып, оларды жүзеге асыратын ұсыныстардың айтылуы дипломаттар үшін өте өзекті», - деді А.Ничкасов.

Елшінің айтуынша, Қазақстан мен Беларусь әлемдік экономикалық дағдарыстан шығуда бір-біріне қолдау көрсетуде.Екі ел Президенттерінің белсенді жұмысы болашаққа сеніммен қарап, тыныштық сыйлайды.

Айта кетейік,Елбасы Жолдауында «экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция  деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады» деген болатын.

Осы жолғы Жолдау 20-шы болып отыр, өткен жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 2014 жылдың 11 қарашасында жарияланған болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар