• Басты
  • Жаңалықтар
  • Беларусь елшісі Қазақстан халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Беларусь елшісі Қазақстан халқын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

1 Желтоқсан, 2015 10:34
Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов қазақстандық халықты Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

«Құрметі қазақстандықтар, 1991 жылдың 1 желтоқсаны Қазақстанда маңызды күн болып есептеледі – бұл ҚР Тұңғыш Президент күні, беларусьтық халық өзінің бауырлас қазақ халқына үлкен ықыласпен қарайды, шын жүректен аталмыш мерекемен құттықтайды», - деді елші.

А.Ничкасовтың айтуынша, қазақстандық және беларусьтық халық бірге талай оқиғаны бастан кешірді.

«Тарих екі елдің жаңа интеграциялық жобаларды бірге жүзеге асыра алатынын көрсетті, сондықтан біз Еуразиялық экономикалық одақты құрудың бастамашылары болып отырмыз. Бұл 25 жыл ішінде жүзеге асырып келе жатқан біздің  Президенттеріміздің жұмыс нәтижесі. Мен елшілік пен өз атымнан Қазақстан халқын бүгінгі мерекемен құттықтаймын», - деді елші.

Айта кетейңк, бүгін халық маңызды мерекелердің бірі  - Тұңғыш Президент күнін тойлауда. Мерекеге орай Астанада ҚР Президентінің қатысуымен еліміздің бас шыршасы шамын жағады.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президентін тойлау заңы 2011 жылдың бірінші желтоқсанында қабылданды. Тұңғыш рет бұл мереке 2012 жылы тойланды.

Осы орайда Қазақстанда кеңінен аталып өтілетін бұл мереке неге 1 желтоқсан күніне белгіленді деген заңды сұрақ туындайды. Расында, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түскен отырған жоқ.Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев  халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді.

Тұңғыш  қадамдардың бірі  1991 жылдың желтоқсаны - алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау болып,  біздің мемлекетміздің жаңа атауы туралы шешім қабылдау өтіп,  16 желтоқсан  - «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданған болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар