• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды

Елбасы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды

30 Қараша, 2015 18:14
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленген «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға бағытталған «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар