• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаттары еңбек саласындағы қазақстандықтардың құқығын қорғау жайында баяндады

Мәжіліс депутаттары еңбек саласындағы қазақстандықтардың құқығын қорғау жайында баяндады

6 Қараша, 2013 16:01
Бүгін Мәжілісте өткен пленарлы отырыста «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі депутат Ирина Аронова ҚР Премьер-министрі С.Ахметовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Депутат жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлект басшысы азаматтардың еңбек құқына тоқтатылып, жұмыс берушілердің жұмыскерлер құқын сақтауға аса мән бергенін айтты.

«Үкімет Президенттің осы сынына қатысты жұмыстарды қашан қолға алады? Жұмысшы құқының тапталу көрсеткіші өсе түсуде. 2013 жылдың 9 айында еліміздің өндіріс орындарында 1200 қайғылы оқиға орын алған», - деді И.Аронова.

Сонымен қатар, халық қалаулысы жыл басынан бері мемлекттік еңбек инспекторлары тарапынан 601 өнеркәсіпте 3,3 млрд теңге көлемінде жұмыскерлердің ақысының төленбей жатқанының анықталғанын атап өтті.

Үкімет еңбек саласында азаматтардың құқын қорғау бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындауда қандай шараларды қолға алмақ? Жұмыс берушілердің жұмысшы құқын сақтау мен еңбекақысын уақытылы төлеуі үшін үкімет не істейді? Және өнеркәсіптердегі қайғылы жағдайлар мен денсаулыққа келетін зияндарды жою үшін мемлекет не істейді? Аталмыш сұрақтар Ирина Аронованың депутаттық сауалында қамтылды. 

Барлық жаңалықтар