- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен құрамалары Елбасының Жолдауына үн қатты (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен құрамалары Елбасының Жолдауына үн қатты (ФОТО)
Сонымен, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы тікелей эфирде Мемлекет басшысының сөзін зейін қойып тыңдады.
«ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде 40 мыңнан аса әскери қызметші, сержанттар, прапорщиктер, сарбаздар Мемлекет басшысы – ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының Жолдауын тыңдады. Еласбы мемлекетіміздің қауіпсіздік рөлін қамтамасыз етуге тоқталып өтті. Қауіпсіздік мәселесі қозғалған кезде біз Жоғарғы Бас Қолбасшы берген тапсырманы, яғни, ол жауынгерлік әзірлік, ұтқырлық, армиямыздың кәсіпқойлығын қарастырамыз. Жолдау – алдағы жұмысқа деген негізгі үлкен шақыру, еліміздің қорғаныс қабілеттілігін, жауынгерлік әзірлігімізді нығайтуға берілген пәрмен», - деді ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.
ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы қойған барлық тапсырмаларды орындау әзірлігін Қазақстанның әскери теңізшілері мен авиаторлары да қолдады.
«Барша Қазақстан және Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері үшін Елбасының жыл сайынғы Жолдауы қызықты және өзекті болып табылады. Бүгін тікелей бөлімшелерде, оның ішінде, қызметтің әртүрлі жауынгерлік түрлерін атқаратын корабльдерде Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы, ӘТК-нің барлық бөлімдері мен құрамаларында Елбасының халыққа Жолдауын тыңдау ұйымдастырылды. Біз үшін Президенттің мемлекетіміздің экономикасын, халқымыздың, Қарулы Күштердің әл-ауқатын дамыту бойынша ұсыныстары өзекті. Елбасы берген тапсырмаларды Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері, яғни, кәсіпорындарымызбен ынтымақтастық жасауда жауынгерлік және жедел дайындық тапсырмаларын, жалпы мемлекетіміздің әл-ауқатына ықпал ететін барлық іс-шаралар кешенін негізге ала отырып, іске асыруды бастайды», - деді ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов.
«Қазақстан осы дағдарыстық ахуалды еңсеру үшін біздің қандай жолмен қадам басуымыз керек екенін айқындайтын құжатты алды. Қаржы жүйесін жетілдіру бойынша экономикалық және әлеуметтік салада Елбасының айқындаған бағыттарын білдік. Біз, яғни, әскери қызметшілер үшін Қазақстан байыпты дами алатындай еліміздің жауынгерлік әзірлігін, қорғаныс қабілеттілігін арттыру маңызды болып табылады», - деді ҚР ҚК ӘҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Александр Щетинин.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері