- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Ақмола облысы жетімдер үйінің түлектері әлемдік деңгейдегі APEC PETROTECHNIC колледжінің абитуриенті атана алады
Астана мен Ақмола облысы жетімдер үйінің түлектері әлемдік деңгейдегі APEC PETROTECHNIC колледжінің абитуриенті атана алады
«Брифингтер барысында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, APEC PETROTECHNIC туралы презентация көрсетілуде: түсу тәртібі мен ережелері, оның артықшылықтары мен оқу шарттары.Сондай-ақ, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері математика мен ағылшын тілінен тест тапсырып іріктеудің бірінші турынан өту мүмкіндігіне ие болады. Бұндай тестілеуді 5 қараша күні Холдинг қызметкерлері Астана қаласы жетімдер үйінің тәрбиеленушілері арасында өткізді. Кейбір тәрбиеленушілер бірінші іріктеу туры кезінде аталған пәндер бойынша жақсы білімдерін көрсетіп үлгерді», - деп хабарламада нақтыланған.
«Кәсіпқор» Холдингінің жақын арадағы Қазақстанның басқа да облыстарындағы жетімдер үйіне және ауылдық мектептерге барып, Холдинг қызметі туралы және Атырау қаластындағы APEC Petrotechnic-тің әлеуетті болашақ түлектерімен жұмыс жүргізу үшін брифингтер өткізуді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі колледж APEC Petrotechnic «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ бірінші жобасы болып табылады. Колледжде мұнай-газ саласындағы үш мамандық бойынша білім алуға болады. Олар: мұнай газ өндіру технологиясы, бақылау өлшеу құралдары және автоматизация технологиясы, кен орындарын пайдалану.
APEC Petrotechnic-те Холдингтің стратегиялық әріптесі және мұнай-газ саласында кадрлар дайындаудағы әлемдік лидер Оңтүстік Альберта (Канада) Институты - SAIT Polytechnic-тің жоғары білікті оқытушылары білім береді.
Болашақта Холдинг әлемдік және әріптес колледждерді және өңір аралық орталықтарды бүкіл ел бойынша ашуды жоспарлап отыр. 2015 жылы Астана және Алматы қалаларындағы колледждер өздерінің бірінші студенттері үшін есіктерін ашады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді