• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Ақ жол» партиясы фракциясының көтерген мәселелері Президент сынымен үндесіп жатыр – А.Перуашев

«Ақ жол» партиясы фракциясының көтерген мәселелері Президент сынымен үндесіп жатыр – А.Перуашев

6 Қараша, 2013 15:49
«Ақ жол» партиясы фракциясының көтерген мәселелері 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президенттің айтқан сынымен үндесіп жатыр, дейді ҚР Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Азат Перуашев.

«Ақжол» партиясының фракциясы ақшаның желге ұшқанындай ысырап ететін тиімсіз жобаларды қаржыландыруды тоқтатуды сұраған болатын. Біз Қарағандыдағы «Қазавиаспектр» зауытын  атап, түсін түстеп тұрып көрсеттік. Аталмыш зауыт ашылғанына үшінші жыл болса да жеңіл ұшақтарды құрай алмай отыр. Ал кейбір кәсіпкерліктер керісінше, өздерінің өнімдерін нарыққа өткізу үшін қаражат тапшылығын таратып отыр», - деді депутат.

Оның айтуынша, партия тиімсіз жобаларды тоқтатып, қаржыны жұмыс істеп тұрған кәсіпкерліктерге беру керек.

Халық қалаулысы сонымен қатар қазақстандық келісімсөз жүргізушілердің де белсенділіктерінің баяулығын сынға алды.

«Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Ақ жол» партиясы фракциясы интеграциялық бірлестікте отандық кәсіпкерлікті  тұралатып, ел экономикасына зиянын тигізетін қазақстандық шенеуніктердің келіссөз жүргізушілердің баяулығы мен белсенділіктерінің жоқ екенін алға тартып депутаттық сауал қойған еді», - деді А.Перуашев.

Барлық жаңалықтар