- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: Қазақстан ел тарихында жетпеген экономикалық өсім қарқынына шықты
Н. Назарбаев: Қазақстан ел тарихында жетпеген экономикалық өсім қарқынына шықты
«Құрметті отандастар! «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіреткен, Тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 25 жылдығына аяқ басатын боламыз. Тәуелсіздікті баянды ету, оған қол жеткізуден де қиын екенін осы жылдар ішінде біз көріп білдік. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай ету үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өтпелі көп, бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
«Бастан өткерген қиындықтарымыздан үлгі, өнеге, сабақ ала отырып, біз елімізді жарқын болашаққа жетелеуіміз қажет. Соңғы кездері әлемде көрініс беріп жатқан түрлі жағдайлармен экономикалық ауытқушылықтардан, құлдыраулардан Тәуелсіз Қазақстанның керегесін құлатып алмай алып шығуымыз керек. Ол үшін ең алдымен өз ішіміздегі ауызбіршілігімізді сақтай отырып, ел игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет», -деді Елбасы.
Айта кетейік, осы Жолдау есеп бойынша 20-шы болып есептеледі. Өткен жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы 11 қарашада жарияланған болатын.
Елбасы өз Жолдауында өткен жылы атқарылған маңызды іс-шараларға тоқталып, оларды түйіндеп, алдағы жылда ел алдында тұрған міндеттерді айқындап береді. Осы Жолдауда Елбасы экономикалық аспект пен мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік қызметтер тақырыптарын қозғайды.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады