Қазақстанның сыртқы саясатындағы жаңалықтар жайлы – ҚР-ның СІМ

6 Қараша, 2013 15:45
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі басшыларының кезекті отырысында елміздің сыртқы саясаты жөнінде үлкен мәселелер қозғалды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелерінің  бірі - «11 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің  қатысуымен Ресейдің Екатеринбург қаласында аймақаралық форум өтеді. Форум барысында екі ел арасында 21-ғасырдағы ынтымақтастық  және одақтастық туралы келісімдерге қол қойылады деп жоспарлануда»- деп хабарламада нақтыланған.  

Сонымен қатар, Канаданың Сыртқы істер министрі Дж. Бэрда келесі аптада Қазақстанға,  ал  еліміздің Сыртқы істер министрі қараша айында еуропа елдеріне іс-сапармен барады  деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қаңтар айында Оңтүстік Африка Республикасында ресми кездесу өткізеді.

Жалпы, қазақстандық дипломаттар үшін қазіргі маңызды бағыттың бірі – қазақстандықтардың еуропа елінде емін-еркін жүріп-тұру визасы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның  Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік етуіне ұсыну, Алматы қаласында БҰҰ-ның  аймақтық  дипломатиялық  хабын құру,  халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалу, одан бөлек, ШЫҰ-на, Діни бірлестктер одағында және ЕҚЫҰ-да өзара келісім орнатуды  жүзеге асырады. 

Барлық жаңалықтар