- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың Азық-түлік белдеуінің тиімділігі мәселесі ҚР Үкіметінде талқыланады
Астананың Азық-түлік белдеуінің тиімділігі мәселесі ҚР Үкіметінде талқыланады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «ҚазАгро» Астана маңындағы 300 шақырым аумақта ауыл шаруашылығын өндіру жіне өңдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруда. Холдинг барлығы 33,8 млрд теңгенің 61 жобасын қаржыландырды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қазірдің өзінде 56 өндіріс нысаны астаналық азық-түлік нарығына өз өнімдерін жеткізуде.
Ұлттық холдингте атап өткендей, астаналық азық-түлік белдеуін дамыту шеңберіндегі жобаларды қаржыландыра отырып, «ҚазАгро» осы бағыттағы жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне әсер ететін бірқатар мәселелермен бетпе-бет келді. Бұл ең алдымен, шикізат базасын қамтамасыз ету, өндірісті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету шығыны, заманауи технологиялық шешімдердің жетіспеушілі. Екінші блок өнімдерді сауда орындарына жеткізудің жоспарлылығы мен ырғақтылығының жоқтығымен, көлік-логистикалық қызметтің дамымауымен, отандық өнім өндірушілерге шығарған өнімін жылжытуға қолдау көрсетуді заңнамалық реттеудің болмауымен байланысты.
Холдингтың ақпарына қарағанда, аграрлық кәсіпорын өкілдерінің қолдауына сүйенген ұлттық оператор проблемаларды шешудің бір жолы ретінде өндірушілер мен сауда желілерінің күнделікті жедел өзара әрекеттестігін қамтитын тауар жеткізу жүйесін құруды қарастырады.
Жаңа жүйені енгізу дайын өнімді күнделікті және ай сайынғы негізде анықталған көлемде және мерзімде кепілді түрде сатуды, дайын өнімді өндірушіден сатушыға дейін жеткізуді, тұтынушылардың сапалы, табиғи, экологиялық таза өнімге қол жеткізуін, өнімді сақтауға және логистикаға қосылатын құнын азайтуды қамтамасыз етеді деп күтілуде.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі