- Басты
- Жаңалықтар
- Жекешелендіру Қазақстан экономикасына дағдарыс жағдайында оң әсер етті – ҚР Президенті
Жекешелендіру Қазақстан экономикасына дағдарыс жағдайында оң әсер етті – ҚР Президенті
«Біз жедел түрде өткізген жекешелендіру Қазақстан экономикасына дағдарыс жағдайында оң әсер етті. Біздің экономикамызға жұмыс істейтін көптеген трансұлттық компаниялар келді. Бұл кезеңде біз жаңа Астананың құрылысын қолға алдық, Қазақстанның мұнайын экспортқа шығаратын Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын бастады және біз «Қазақстан - 2030» стратегиясына бастау бердік», - деді Н. Назарбаев.
ҚР Президенті атап өткендей, дағдарыстан соққы алған мемлекет Ұлттық мұнай қорын жасақтай бастады.
«Қандай кезде біз мұны қолға алдық. Естеріңізге түсіріңіздерші, оның барлығы табысты болды. Ұлттық қор 2007-2008 жылдары әлемдік қаржы дағдарысы тұсында құрылды. Мемлекеттің ЖІӨ-нің 14 %-ы немесе шамамен 20 млрд теңге жұмысбастылықты қамтамасыз етуге: жөндеу жұмыстары, құрылыс, қалалар мен ауылдарды абаттандыруға жұмсалды. Ол кезде банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнеске көмек көрсетілді», - деп атап өтті Елбасы.
ҚР Президенті толықтырып кеткендей, ол кезде мемлекет дағдарысқа қарсы екі жоспарды жасақтап, жүзеге асырды – бұл экономикалық қиындықтарды қалай еңсеруге болатынын көрсеткен үлкен тәжірибе болды.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді