• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтау теңіз порты биг-бэгтармен тәулігіне 4 мың тоннаға жуық бидай тиеуде (ФОТО)

Ақтау теңіз порты биг-бэгтармен тәулігіне 4 мың тоннаға жуық бидай тиеуде (ФОТО)

2 Желтоқсан, 2015 08:37
Ақтау теңіз порты биг-бэгтармен тәулігіне 4 мың тоннаға жуық бидай тиеуде, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігі.

Айта өтейік, бидайды үлкен биг-бэгтермен 10-20 тоннадан тиеу тәсілі өткен жылы басталды.

«Қолданыстағы бидай терминилы қойма іспетті, оған келіп түскен астық бірден кемеге жөнелтіледі.  Сондықтанда оның қуаттылығы жете бермейді. Осы ретте терминалдан тыс бидайды тиеу жұмыстарын жүргіземіз», - деді «Ақтау халықаралық теңіз порты» ұлттық компаниясы»АҚ президенті  Михаил Ялбачев.

Ақтау теңіз портында жүктерді тиеу тәулік бойы жүзеге асырылады. Онда 5 мобилді кран, түрлі көлемдегі жүкті көтере аратын 6 порт краны бар. 5 мың тонналық қуаттылығы бар кемеге жүкті тиеу үшін 10 және 20 тоннадан сәйкесінше жүк көтере алатын екі кран жұмыс істейді.

«Ақтау портына бидай үлкен қаптарда - биг-бэгтарда - 10 және 20 тоннадан автокөлікпен жеткізіледі. Содан соң кран оны трюмге көтереді және каптын аузындағы қысқышы шешіліп кеменің қоймасына астық төгіледі.  Қазіргі таңда «Торик» кемесіне бидай тиелуде. Бір минутта 30 тонна бидай тиеледі», - деп атап өтті тиеу-түсіру кешенінің шебері Шәкір Мұсаев.

Бұдан басқа, Ақтау портында бидайдан басқа, мұнай, металл және өзгеде жүктер теміржол желілері арқылы жөнелтіледі. Қысқасы, Қазақстанның теңіз қақпасы қыстыгүні қатпайды, жыл бойы үзіліссіз жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар