- Басты
- Жаңалықтар
- Назарбаев университетінде геологиялық зертеу орталығы ашылады – ИЖТМ
Назарбаев университетінде геологиялық зертеу орталығы ашылады – ИЖТМ
«Мемлекет басшысы геология, шикізатты өңдеу саласын белсендіре түсуге тапсырма берген болатын. Біз геологиялық қоғаммен бірге геологияның даму жетістіктерін сараладық. Бізде, шынымен де өте үлкен мүмкіндіктер баршылығы анық. Кеңес одағы кезінде тек қана 100-200 м тереңдіктер ғана қамтылған. Одан тереңіне бойламадық, себебі ол кезде технология да, мүмкіндік те болмады», - деді Ә. Исекешев.
Бұл байланыста ИЖТМ 2030 жылға дейінгі геологияның даму концепциясын құрастырды.
«Біріншіден, Президенттің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін геология бойынша парламентке жаңа заң жобасын енгізу жоспарланып отыр. Екіншіден, ғылыми-лабораториялық базаны енгізу қажет, себебі қазір геологиялық зерттеулер шетелде жүзеге асырылады. Назарбаев университетімен бірігіп Астанада геологиялық зерттеу орталығын ашуды жоспарлап отырмыз», - деді ИЖТМ басшысы.
Сонымен қатар, Ә. Исекешев халықаралық қызмет тәжірибесін қолдануды да атап өтті.
«Біз Канада, Австралияның тәжірибесін үйрендік. Халықаралық компаниялардың жұмыс істеу сұрағы бойынша жыл соңына дейін 4 келісім шарт жасаймыз. Ол полиметал бойынша «Rio Tinto» компаниясы. Сондай-ақ, австралиялық, корей және жапон компаниясы да бар. Біз олармен трансферттік технология бойынша келістік», - деді Исекешев.
Мәселен, «Rio Tinto», «Казгеология» компаниясы бойынша 2 кәсіпорын салынды. Бірінші айналымда компанияның инвестиция жағынан 2 млрд теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Ә. Исекешев «Қазгеология» компаниясы шағын қалаларда да өз жұмысын бастағандығын айтты. Моноқалаларда 350 скважина қазылған.
Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жаңа қойнаулардың табылуы өте баяу жүріп жатқандығын атап өткен болатын. Сондай-ақ, белгілі қордың да жеткіліксіз екендігі тілге тиек болды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет