- Басты
- Жаңалықтар
- Литвада Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жайы талқыланды
Литвада Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жайы талқыланды
Салтанатты шараға Литва, Қазақстан, Грузия темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері, теңіз әкімшілігі және ірі оның ішінде DBSchenker, InterRailLogisticsGmbH, NavilogTransport AB көліктік логистикалық компаниялардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысына ЛР көлік және коммуникация вице-министрі С. Гирдоускас, Клайпеда қаласының мэрі В.Грубляускас, ҚР Литва Республикасындағы елшінің кеңесшісі О. Тоғызбаев, Клайпеда мемлекеттік теңіз порты дирекциясының маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры А. Друнгилас қатысты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Қанат Алпысбаевтың айтуынша, аталмыш бағдар Каспий аймағы елдерінің транзиттік әлеуетін Еуропа- Азия бағдарына аударуды көздейді.
Литва тарапы Транскаспий бағдарын дамыту жобасына қатысуға дайын екендіктерін мәлімдеді. ЛР көлік және коммуникациялар вице-министрі С.Гирдаускас: «Біз «Викинг» және «Nomad Express» жобаларын дамытуды үйлестіру мен көлемін арттыруға мүдделілік танытамыз»,-деп атап өтті. Қазақстан тарапы биылғы шілдеде «Nomad Express» контейнерлік пойызының Қытай-Қазақстан- Әзербайжан бағдарында ұйымдастырылғанын хабарлады. Мұның жалпы ұзындығы 4726 шақырым болса, оны жүрдек пойыз 6 тәулікте бағындырды.
Қазіргі таңда қазақтан қытай тарабымен бірлесіп «Nomad Express» контейнерлік пойызын Қытай- Қазақстан- Әзербайжан- Грузия- Түркия бағдарында ұйымдастыру жоспарланып отыр.
ТХКБ жобасы еліміздің транзиттік әлеуетін дамытып, еуразиялық құрлықтағы сауда қатынасын жетілдіруге қызмет етеді. Бұл өз кезегінде Оңтүстік пен Шығыс Еуропа және Балтық жағалауы елдерімен серіктестіктің жаңа көкжиегін ашады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды