- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл соңына дейін 450-ден астам ақтөбелік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында баспаналы болады
Жыл соңына дейін 450-ден астам ақтөбелік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында баспаналы болады
Жыл басынан бастап Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Семей, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларында 3 409 пәтер бөлінді.
Астана, Ақтау, Қызылорда, Талдықорған қалаларында 941 пәтерді бөлу қосымша жүріп жатыр. Осы қалаларда кілеттерді тапсыру бойынша іс-шаралар ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жүргізіледі деп жоспарлануда.
Жалға берілетін тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған жас отбасыларға, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасы, әскери қызметкерлерге беріледі.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы қараша айындағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді тұрғын үй құрылысына және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы, арзан үймен қамтамасыз етуде көзқарасты қайта қарастыруды тапсырған еді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі, ол бағдарламада жалға берілетін тұрғын үйге ерекше назар аударылды.
Ағымдағы жылы Холдинг алдында Қазақстан бойынша 401 мың шаршы метр немесе 7 мың пәтерді пайдалануға ендіру бойынша тапсырма тұр.
Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Павлодар қалаларында ауданы 249 мың шаршы метр болатын 4 301 пәтер берілді. Жыл соңына дейін Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Павлодар қалаларында 2,8 мың пәтерді беру қосымша жүргізілетін болады.
Кезекте тұрғандардың тізімі жергілікті атқарушы органдарымен іріктеледі және олардың тізімі төлем қабілеттілігін анықтау үшін «Байтерек» Холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ына (ҚИК) жіберілетін болады.
1 шаршы метрі үшін жалдау құны Алматы және Астана қалаларында 1 120 теңгені құрайды, басқа аймақтарда 923 теңгеге дейін. Жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жылдық жалдау мерзімі өткеннен кейін қалдық сомасы бойынша қалған ай сайынғы жалдау төлемдеріне тең келетін сомаға сатып алуға болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады