- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов ҚР Мемлекеттік басқару академиясында сыртқы саясат туралы дәріс оқыды
Е. Ыдырысов ҚР Мемлекеттік басқару академиясында сыртқы саясат туралы дәріс оқыды
6 Қараша, 2013 14:50
Бүгін, 6 қараша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы Академия магистранттары, докторанттары, профессор-оқытушылар құрамы алдында «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басымдықтары» тақырыбына дәріс оқыды, деп академияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыртқы саяси ведомство басшысы өз баяндамасы барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саясат міндеттері мен басымдықтары, сондай-ақ қазіргі уақытта министрлік жүргізетін негізгі іс-шаралар жөнінде толық ақпарат берді», - деп хабарламада нақтыланған.
Е.Ыдырысов Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарының сұрақтарына жауап берді.
Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша дипломатия институтының дамуына және кәсіби кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысовқа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры атағын беру туралы диплом салтанатты түрде табыс етілді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда