- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Түркия Президенттері Сириядағы жағдай мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға төңірегінде пікір алмасты
Қазақстан мен Түркия Президенттері Сириядағы жағдай мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға төңірегінде пікір алмасты
Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашылық етті.Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен келешегін, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.
Тараптар Сириядағы дағдарысты жағдай мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға төңірегінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, ресей-түркия қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылығын жеткізді. Мемлекет басшысы бұл байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, тараптар оны сақтап қалу үшін жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты оқиғаны анықтап, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін екіжақты комиссия құру ұсынылды.
Р.Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды ушықтырмау үшін тараптар мүмкін болатын барлық шараны пайдаланатынына үміт білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды