- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында дәретхана қағазын шығаратын бірінші зауыт ашылды (ФОТО)
Маңғыстау облысында дәретхана қағазын шығаратын бірінші зауыт ашылды (ФОТО)
«2007 жылдан бастап біз медицина қалдықтарын қайта кәдеге жаратумен айналысып келеміз. Бізге аймақтың көптеген кәсіпорындары қағазды қайта өңдеу туралы өтініштерін жиі білдіретін. Қағаздың қаншама көп көлемде жойылатынын көріп мен оны екінші рет пайдаға жарату туралы ойланып, қажетті құрал жабдықтарды сатып алдым. Біз дәретхана қағазының өндірісінде тек макулатураны – мемлекеттік органдар мен мұнай компанияларының ескіріп кеткен мұрағат құжаттарын ғана пайдаланамыз. Нәтижесінде өндіріп отырған өніміміздің сапасыда жоғары», - деді «Ақтау қағаз зауыты» ЖШС директоры Сұнғат Еділбаев.
Бұл батыс аймақтағы аталмыш сипаттағы жалғыз жоба. Заман талабына сай жүруге тырыса отырып кәсіпкер енді өндіріп отырған өнім түрін арттырмақшы.
«Бізде ноу-хау бар - ол қара картоннан жасалатын техникалық қажеттіліктер жолындағы қағаз сүлгілері. Олар өндіріс барысында матадан жасалынған қол сүлгілерін жақсы алмастыра алады, қолды өндіріс қалдықтарынан жақсы тазартады. Менің ойымша өңіріміздің мұнайшылары оны жақсы бағалайды. Сонымен қатар біз тұрмыстық жағдайда қажет қағаз сүлгілерін өндіруді көздеп отырмыз. Логистика үшін шығынның болмауына байланысты біздің өнім бірнеше есе арзан және сапалы», - деп атап өтті С. Еділбаев.
Бүгінде цех тәулігіне 8 сағат жұмыс істейді. Жақын арада кәсіпкер жұмыс орын санын арттыруды және өндірісті тәулік бойы тоқтатпай жұмыс істетуді көздеп отыр. Мемлекеттік қолдаудың аясында ол газ тартып, жылу беру жүйесін жақсартқан. Болашақта макулатура мен дайын өнімді сақтайтын қойма салуды жоспарлауда.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды