- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Сәбитов: Қазақ хандығының мерейтойы отандық тарихты оқуға серпін берді
Ж.Сәбитов: Қазақ хандығының мерейтойы отандық тарихты оқуға серпін берді
- Жақсылық Мұратұлы, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау біз үшін қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?
- Мерейтойлар мен маңызды даталарды тойлау кез келген елдің ажырамас бөлігі. Осы сынды шаралар халықты қоғамдық нышандар аясында біріктіреді. Халыққа біздің ортақ тарихымыз бен өткеніміз бар екенін еске салады. Ресейдің бір тарихшысы: «Тарих ештеңеге үйретпейді, ол тек оқылмаған сабақ үшін жаза қояды» деп. Егер біз тарихымызды білмесек, бір кездері құтыла алмаған қателіктерді қайта жасауымыз мүмкін. Қазақстан тарихы жеке пән ретінде Тәуелсіздік алынған соң оқытыла бастады.
Бұл мерекелер ел үшін, халық үшін өте маңызды. Тағы бірқатар мерекелерді атап өтсек. 2019 жылы Талас құрылтайына 750 жыл толады, оның нәтижесінде Алтн Орда, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы пайда болған болатын.
2019 жылы тойланатын аталмыш мерейтой Қазақстан халқы үшін ақпараттық себеп болады.
- Сіздің пікіріңізше, елдің ғалымдары үшін мемлекеттің өткеніне қызығушылық қайдан келді?
- Елде жұмыс саны көбейді, ғылыми конференциялар Қазақ хандығының құрылғандығына орай өтті. Екінші жағынан, мемлекет тарапынан елдің тарихын зерттеу басты аспектілердің бірі болатын түсінік енді. Егер адамдардың тарихи санасын тартып алса, кез келген ел тек популяция ретінде қалады. Әр елді бір-бірінен ажыратып тұрған да осы тарих.
- Ғалым ретінде сізге Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау нені сыйлады?
- Қазақстанға соңғы жылдары қызығушылықтың артуы бұрын соңды қайталанбаған болар. Осы мерекені тойлау мен үшін жан-жақтан қазақ хандығының құрылуына байланысты сұрақтардың тууымен байланысады. БАҚ-тың аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытуы да жоғары. Ғылыми жұмыстардың саны арта түсті. Соңғы жылдары Қазақ хандығының тарихын меңгеру 15 пайызға арта түсті.
- Сұхбатыңызға рахмет
Данияр Қасымов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»