• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР жанындағы мемлекеттік басқару академиясында жобалық менеджмент пен құзыреттілікті зерттеу орталығы ашылады

ҚР жанындағы мемлекеттік басқару академиясында жобалық менеджмент пен құзыреттілікті зерттеу орталығы ашылады

6 Қараша, 2013 14:34
Академияда халықаралық әріптестердің қатысуымен жобалық менеджмент орталығы, Құзыреттілікті зерттеу орталығы құрылады, деп Мемлекеттік істер жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Академияда халықаралық әріптестердің қатысуымен жобалық менеджмент орталығы, Құзыреттілікті зерттеу орталығы (мемлекеттік қызметшілер құзыреттері бейінін әзірлеу) құрылады. Қазіргі уақытта басқарушылық лауазымдардың құзыреттілік бейінін анықтау тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыс бойынша жұмыстар жүргізілуде, осы салада халықаралық тәжірибе зерделенуде», - деп хабарламада нақтыланған.

Озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, Агенттік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қылмыстық тәртіпте жазаланатын іс-әрекеттерді жатқызуды ұсынады. Тәртіптік сипатындағы бұзушылықтарды қолданыстағы санкцияларды сақтай отырып, этикалық теріс қылықтарға жатқызу ұсынылады.

Барлық жаңалықтар