• Басты
  • Ақтөбеде инвестициялық форумның қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллар инвестиция тартылды
28 Қараша, 2015 10:34

Ақтөбеде инвестициялық форумның қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллар инвестиция тартылды

Ақтөбеде инвестициялық форумының қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллар инвестиция тартылды , деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбеде инвестициялық форумның қорытындысы бойынша  1,5 млрд доллар инвестиция тартылды

Форумға 100-ге тарта әлеуетті шетел инвесторлары, ҚР салалық министрліктерінің басшылары, РФ Орынбор облысының губернаторы, ұлттық компаниялар, қаржы институттарының басшылары, сондай-ақ отандық бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа Жібек жолы» форумының пленарлық отырысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, РФ Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, Энергетика министрі Владимир Школьник, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма-президент төрағасы Асқар Мамин, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы және т.б. қатысты.

Оларға өнеркәсіп, қызмет салаларындағы Ақтөбе облысының инвестициялық жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

Әлеуетті инвесторлар үшін қызығушылық тудыратын түрлі тақырыптар мен мәселелер талқыланды, атап айтсақ, сыртқы экономикалық жағдай, өңірдің мамандануы, инвесторларға қызмет көрсету және оларды қаржыландыру көздері, «Ақтөбе» индустриалдық аймақтарының мүмкіндіктері, ЕАЭО аясындағы өзара іс-әрекет және ынтымақтастық, өңірдің көліктік-транзиттік әлеуеті және т.б.

Форум аясында «Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Форум барысында өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

«Форум жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деген сенімдеміз. «Arm Wind» ЖШС жылына 200 мың МВт/сағ өндіруді қолға алды. Желден қуат алу жобасы аясында станцияны Қарғалы, Хромтау аудандарында салу жоспарда бар. Жоба құны 125 миллион доллар болса, әлі 87,5 миллион доллар инвестиция қажет»,-дейді жоба жетекшісі Даниял Дүйсенғалиев.

Бүгінгі күні екі ауданнан 460 мың гектар жер сатылып алынып, барлық техникалық құжаты жасалды. Жобалық-сметалық құжаты әзір. Енді соңғы үлгідегі техниканы шетелден сатып алу, қондыру жұмыстары қалып отыр.

Ал көрмеге қатысқан «Мыс компаниясы» ЖШС-нің іргетасы 2005 жылы қаланған. Қазірде мұнда 1800-ден астам адам еңбек етіп жүр. Екі мыс кен орны бар кәсіпорында мыс және мырыш шығарылады. «Компанияға 625 миллион доллар инвестиция салынды. Жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті ауыл тұрғындары. Бір ерекшелігі, компания ауылға газ, телефон желісін тартып берді. Жол салынды. Алдағы уақытта Құндызды, Лиманды, Весеный Аралшы кен орындарын ашу жоспарда бар»,- дейді бас директордың орынбасары Алмас Бекбауов .

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында қазір «Aktobe Invest-2015» халықаралық форумы өтіп жатыр. Жоспар бойынша «Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа Жібек жолы» пленарлық отырысы, «Бизнеске арналған инфестициялық жобалар. ҚР инвестицияларды қолдаудың мемлекеттік шаралары» атты басқосу болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды