- Басты
- Жаңалықтар
- 1995 жылы Конституцияның қабылдануы азаматтық қоғамды дамытудың басты көрінісі болып есептеледі
1995 жылы Конституцияның қабылдануы азаматтық қоғамды дамытудың басты көрінісі болып есептеледі
«Конституция әрбір мемлекеттің мемлекеттілігінің паспорты іспеттес. Біз Конституция мемлекеттің құрылым жүйесін анықтап, негізгі мәселелер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын да белгілейтін фундаменталды мемлекеттік-құқықтық құжат деп айтуды әдетке айналдырдық. Бұл дұрыс. Конституция сонымен қатар мемлекеттің барлық заңдық аспектілер бойынша толық қалыптасып үлгергендігінің дәлелі де»,-деді ғалым.
Бұл ретте ол 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Конституцияның елімізде азаматтық қоғам имен мемлекет ұстанымының қалыптасып келе жатқандығының, жалпы алғанда мемлекет пен қоғамның дамып келе жатқандығын ең жоғарғы көрсеткіші екендігін ерекше айтты.
«Конституцияның 10 жылдық мерейтойын атап өткен кезде, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде «Конституцияны мұқият зерттеу демократияның ең үлкен мектебі. Қазақстандық қоғамның алдында тап осы міндет тұр», - деген болатын. Ал Конституциямыздың 15 жылдығында Елбасы «15 жыл мемлекет дамуындағы қас-қағым ғана сәт. Бірақ осы қас-қағым сәтте қазақ халқының мыңдаған жылдарғы үміті мен арманы, олардың бостандық пен тәуелсіздікке деген жанкешті ұмтылысы жатыр»,-деді. Ал 20 жылдың қарсаңында қазақ халқының Конституциямен бірге өресі өсіп келе жатқандығын көруге болады», -деді Б.Қайыпова.
Бұған қоса ол еліміздің басты заңына осы уақытқа дейін енгізілген өзгерістер еліміздің дамуы мен Конституцияның жетіліп, эволюцияланып келе жатқандығының көрінісі және өз кезегінде мемлекеттің демократия принциптеріне қарыштап қадам басуына мүмкіндік жасап отыр.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі